21 Ноября 2018

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды. ҚазАқпарат мақаланың толық мәтінін таратады. Ұқсас жаңалықтар СҚО-да Ботай мәдениетінің музейін салуға 2 млрд теңге бөлінеді ШҚО-да 38 мың бюджеттік сала қызметкерінің жалақысы өседі Күмісжан Байжан: Қазақ - жылқы мінезді халық *** Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

«Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры туралы» заң жобасы қабылданды

Главная / Новости / «Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры туралы» заң жобасы қабылданды
28 Декабря 2017

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры туралы» заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Аталған заң жобасын депутаттарға Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов таныстырды.

«Қазіргі таңда заң бойынша кінәлі азамат жәбірленушіге келтірген шығынның орнын толтыруы керек. Аталған заң жобасы жүйені өзгертуді көздемейді. Тек ол жәбірленушіге бастапқы бір реттік материалды шығынды өтеп алуға жағдай жасайды. Ол үшін арнайы қаржы институты құрылып отыр. Бірақ жаңадан құрылатын қор заңды тұлға ретінде емес, шот ретінде құрылады. Қазіргі таңда бұл шешім қаржыны үнемдеудің ең тиімді жолы болып тұр», - деді ол.

Жалпы отырыстан кейін министр журналистерге жаңа қордың не үшін құрылатынын түсіндірді. Оның айтуынша, осы қордың көмегімен жәбірленуші бастапқы материалдық көмекті ала алады.

«Бұл – бір рет қана берілетін өтемақы. Қылмыс жасап, айыбы дәлелденген азаматтар 5 деңгей бойынша айыппұл төлейді. Қылмысы жеңіл болса, 5 АЕК, ал қылмысы ауыр болса, 10,15,20 АЕК-тан 30 АЕК-қа дейін төлейді. Заң жобасы бойынша қор 5 жолмен ақша өндіреді: іс-жүргізу тәртібін орындамағаны үшін сотпен тағайындалған айыппұл; талаптар бойынша ақшаны өндіріп алу», - деді Сұлтанов.

Осы орайда ведомство басшысы аталған қаржы төлемдерін қазынашылық мекемесі жүргізетінін, ал мемлекет қорға ақша бөлмейтінін атап өтті.

«Біз 5 дереккөзді анықтадық. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап, қорға түсімдер түсе бастайды. Ол қордың тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Біздің есебіміз бойынша, бір жылда шамамен 1 млрд теңге және 700 млн теңге түседі», - деді министр.

Бақыт Сұлтанов атап өткендей, жәбірленушілерге аталған қордан қаржы 2020 жылдың 1 қаңтарынан беріле бастайды.

Оның айтуынша, өтемақы қылмыстық кодекстің барлық баптары бойынша төленбейді. Өтемақы тек жәбірленушілердің үш санатына ғана төленбейді.

Тиісті талқылаулардан кейін депутаттар «Жәбірленушілерге арналған өтемақы төлеу қоры туралы» заң жобасын қабылдады.

Дәурен ЕРБОЛАТ